14-02-19 |
10020 рет қаралған
Елдос Рамазанов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
Елдос Рамазанов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды «arasha.kz» премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елдос Рамазанов 1971 жылы 15 қанашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы 1992 жылы жекеменшік, коммерциялық мекемелерде басшылық қызметтен бастаған. «ТұранӘлем Банкінде», «Қазақстан теміржолы» компаниясында, «Intertrade GmbH» және «Агрохимия» ЖШС- де басшылық қызметтер атқарған. 2004-2006 жылдары – Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған. 2018 жылғы ақпаннан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда «Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған. 2018 жылғы қазан айынан бастап – «Дзюдо федерациясы» РҚБ вице-президенті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.