Елімізде бала асырап алғысы келетіндерге көмектесетін агенттік құрылады. Президент Н. Назарбаев агенттік ашу туралы хаттама-бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды «Аналар үйі» қоғамдық қорының басшысы Айдын Рахымбаев өзінің facebook парақшасында.
2 жыл бойы агенттік ашуға талпынып келгендіктерін айтқан Айдын Рахымбаев енді бала асырап алу мен балалар үйлерін трансформациялау ісі бойынша әр түрлі министрліктер мен әкімдіктердің құзіреті мен функциясы агенттікке беріледі деп айтты.
Қор басшысының сөзінше, елімізде 122 мемлекеттік мекемеде 5337 жетім бала бар екен. Жоба аясында 949 балаға жаңа отбасы табылыпты.
«Алда көп жұмыс күтіп тұр. Бірақ бізге берілген жаңа дәреже бұл істі біраз жеңілдетпек. Егер бала асырап алу процесі жеңілдесе, еліміздегі балалар үйінің де саны азаймақ» деп отыр Айдын Рахымбаев.
«Әрине, мемлекеттік жүйемен бірге бірқатар заңдарды өзгерту керек. Президент қыркүйек айына дейін уақыт берді, ең бастысы, бюрократтар жұмысқа кедергі болмауы тиіс. Бірақ бұл жолы бізге кедергі келтіретін адамдардың іс-әрекетін жария ететін боламыз. Онысыз да кем дегенде 2 жылдан астам уақытты босқа жоғалттық, тіпті 20 жыл деуге де болады. Ал балалар Балалар үйлеріндегі жүйенің тұтқыны болып отыр. Ал әзірге біз асырап алуға ниет білдірушілерге көмектесуді жалғастырамыз! Бүгінгі күні балалар үйінде негізінен 5 жастан асқан және аға-інілері бар балалар қалады. Біздің қор бала асырап алушыларға оларды іріктеуге, құжаттарын рәсімдеуге де көмектеседі! Ал бала – ол қай жерде де бала ғой» деп жазған маман.
Сонымент қатар ол : «Бұрын қазақтарда ешқашан балаларды тастамайтын, балалар үйi болмайтын. Төмендегi картаға қарасаныздар, өкiнiшке орай, Солтүстiкте жетiм балалар саны көбiрек. Яғни, саны аз халыққа көбiрек жетiм балалар саны келедi. Бiрақ, қазақтар ешқашан ұлтқа бөлмейтiн. Сондықтан, басқа ұлт болғанымен, барлық бала – өзiмiздiң баламыз деп санаймын. Сол себептi, бұл мәселенi барлығымыз бiрiгiп шешеміз деп сенемiн. Қазақ жетiмдi жылатпаған!» – деді ол.
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024