24-04-18 |
4290 рет қаралған
Ержан Тәтішев туралы достары мен әріптестері не дейді?.
Ержан Тәтішев туралы достары мен әріптестері не дейді?

2018 жылы 22 сәуірде «Тұран Әлем» банкінің бұрынғы төрағасы марқұм Ержан Тәтішев 51 жасқа толар еді. 2004 жылғы 19 желтоқсанда Жамбыл облысының Отар станциясына жақын маңда аң аулау кезінде оны басына атып өлтірді. Бұл қанды оқиғаның кісі өлтіру қылмысы екенін соттың әшкерелеуі 14 жылға созылды. 2018 жылдың 16 ақпанында Мұратхан Тоқмади Ержан Тәтішевті өлтіргенін толық мойындады. КТК телеарнасының эфирінде ол Тәтішевті Мұхтар Әбілязовтің тапсырысымен өлтіргенін егжей-тегжейлі айтып берді. Informburo.kz Ержан Тәтішевтің достары, әріптестерімен әңгімелесті. Олар Тәтішевтің тұлғалығын, қанды қылмыс пен банк жүйесінің тозуы туралы айтып берді.

Тәтішевтер отбасының мәлімдемесі

5 сәуірде Ержан Тәтішевтің отбасы бұқаралық ақпарат құралдарында Мұратхан Тоқмадиге қатысты үкімге көзқарастары туралы айтып, қылмысқа қатысқан барлық кінәлі адамдар жазаланатынына сенім білдірді.

«Ержан біздің жүрегімізде. Бүгін де үкім шығып, қылмыскерлер қылмысын мойындады. Соттың әділдігіне сенім, осы жолда бізді қолдаған адамдарға рахмет айтамыз! Күрес он төрт жылға созылды. Әділдік жеңді. Қанды қылмысты ақша мен саясат жасырып келгені біз үшін өте ауыр болды. Алайда, біздің жанымызда заң мен әділдікке сеніп, шындық үшін күрескен адамдар болды. Ақырында ашық тергеумен ашық әрі әділ соттың нәтижесінде қылмыскерлер жазасын алды. Істеген қылмысы үшін қылмыскер ешқашан жазадан қашып құтылмайды. Арада көп жылдар өткеніне қарамастан Ержанды өлтірген барлық қылмыскерлер жазасын алатынына сенімдіміз! Алайда ол сенім бізге баламызда, ағамызды, жар және әке болған Ержанды қайтарып бере алмайды. Бірақ әділдіктің орынауы орны толмас ауыр қайғыны сәлде болса еңсеріп, өмір сүруге күш береді. Біз әділдік іздеген барлық адамдарға қайырыла отырып, тоқтамаңыздар, күресіңіздер! Әділдік үшін оған ешкім сенбеген күннің өзінде күресті жалғастыра беріңіздер дегіміз келеді. Бұл – күресуге тұрарлық жалғыз нәрсе.

Тәтішевтер отбасы»

Кейінірек Еркін Тәтішев жанұясының мәлімдемесіне пікір білдіре келіп: «Нағыз тергеу ісін біз он төрт жыл күттік. Бұл тергеуді әділ деп айта аламын» деді.

«Туран Әлем Банкінің» бұрынғы төраға орынбасары Арсен Сапаров Тәтішевтер отбасының мәлімдемесін қолдайтынын айтты. «Біз де осы жылдар ішінде оның отбасымен бірге қайғырып, алаңдадық. Бізге 2004 жылдың 19 желтоқсанында не болғаны білу маңызды еді. Әрине, біз оқиғаның қалай болғанын анықтауға қатыстырылмадық. 2005 жылы бірінші сотта ешкім жазаға тартылмағанына таңқалдық. Соншама жыл оқиғаның шын-өтірігін біле алмадық. Соңғы жылдары ашылған фактілердің бірін де ол кезде білмедік». Арсен Сапаров Тоқмәди ісі бойынша сот ісі туралы баға беру қиыны екенін айтады.

«Бірақ сарапшылар ол қарудың өз-өзінен атылмайтынын айтты. Біздің сарапшылар сөзіне сенбеуге ешқандай негізіміз жоқ».

«Ол өте ауыр жағдай болды»

Алматыда, Арбаттағы кафелердің бірінде Ержан Тәтішіевтің бұрынғы әріптестері жиналды. Оның қазасынан кейін олар жыл сайын жиналып, достарының әрі бұрынғы басшыларының туған күнін атап өтуді дағдыға айналдырған.

«Жанұясы, жостары және банк менеджерлері Ержанның туған күнін ол қайтыс болғаннан соң бір жылдан кейін де атап өтті. Біз Ержан бізбен бірге деп ойлаймыз, сол үшін туған күнін атап өтеміз», –  келушілердің бірі Сәдуақас Мамаштегі.

БТА да 2004 жылдан кейін оқиғалар көп адамды тергеуге іліктірді. Ержан Тәтішевті еске алуға келгендердің арасында Әблязовтың БТА ға келуі және одан кейінгі жаппай тұтқындау мен қылмыстық істердің кесірі тигендер де бар.  Бірақ олар бүгін ол туралы айтқылары келмейді.

Сәдуақас Мамаштегі 1999-2004 жылдар аралығында БТА банк басқарма төрағасының орынбасары болды. Бірақ оның өзі де ол салаға қайта баруға құлықсыз.

«Маған банк саласында қызмет етуге шектеу қойылған, – дейді Сәдуақас Мамаштегі.  – Бірақ ол салаға шынымды айтсам, оралуға құлқым да жоқ. Өкініштісі сол, қателіктер қайталанып жатыр. Еліміз жас. Кейбір қателіктер ол кезде кешірімді еді. Ең жаманы адамдар жақсы-жаман тәжірбиені тез ұмытып, бәрін қайтадан бастайды».

«Әрире, ол қайғылы оқиға өте ауыр әрі орны толмас трагедия.  Банктегі көп нәрсе оның жеке басына қатысты еді. Қайғылы уақиға болған кезде маған қауіпсіздік қызметінен хабарласты. Олар оны ауыр жараланыпты деді. Бұл сенбі ме, жексенбі сол күндердің бірі, дәл қай күні екені қазір есімде жоқ. Жақындарың бәрі банкке жиналып, жоспар құрдық. Ержан қаза болған жерге бару керек болды. Оның үстіне қаралы хабарды баспасөзге, әріптестерге, клиенттерге хабарлау керек еді. Клиенттер мен әріптестер ол кезде толқулы еді. Белгілі қаржы банктен кетіп те үлгерді. Ондай кезде банкте әлгіндей жағдайлар кездеседі. Бірақ біз бірнеше күннің ішінде мәселені шештік. Қаржы кету ағыны тоқады».

Сәдуақас Мамаштегі алғашқы тергеудің нұсқаларына бәрінің де күмәні болғанын айтады. Жеке өз басы сол кезде тергеудің негізгі қортындысын күткен екен.

«Мен үшін сол трагедияға айыпталған адамдардың мойындау көру ауыр болды. Бұрын мен жаман нәрселерге сенбеуге тырысатынмын. Ержан мен үшін ең әуел дос және сыйлы басшы ғана емес, іске баулыған досым еді. Сол кезде өзге кәсіпкерлермен салыстырғанда Ержан ұлы қаржыгер, қаржы нарығын өте жақсы білетін және пайдалы өнім ұсынған, өте беделді еді адам еді.  Мен оны мемлекеттік дәрежедегі тұлға деп есептеймін. Ол бәрін болашаққа бағыттап істеді әрі іске терең бойлаған стратег еді».

«Бұл кездейсоқтық емес«

Ерік Сұлтанқұлов БТА банкінде 2000-2005 жылдары қаржы директоры болды. Оған дейін мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорында жұмыс істеді.

Бүгін ол да банк саласына қайта баруға құлықсыз екенін айтады. Қазір ол Қазақстанның блокчейн және криптовалюта ассоциациясы кеңесінің мүшесі. Ерік Сұлтанқұлов Ержан Тәтішевпен соңғы рет телефонмен сөйлескенін есіне алды.

«Сол күніі мен түннің бір уағына дейін жұмыс істедім. Ержан Қазаннан ұшып келді. Ол Татарстандағы банкті сатып алу туралы тапсырма беріп келді. Кешке екеуміз телефонмен сөйлестік. Ол маған тапсырма берді. Таңертең алғашқы қар түсетінін, аңға шығатынын айтты. Ертесінде алғашқылардың бірі болып, маған хабарласты. Шынымды айтайын, сенген жоқпын. Тіпті қазір де олай болмауы керек еді, бір нәрсе дұрыс болмағандай көрініп тұрады. Мен жақын әрі сенімді досымнан айырылдым. Ол қашан да маған қымбат адам болып қала береді» – дейді Ерік Сұлтанқұлов.

Ерік Сұлтанқұловтың айтуынша, Ержан Тәтішевтің өлімінен кейін оның туыстары мен әріптестері тергеуге көмектесіп, тергеу ісінің жан-жақты жүруіне көмектесті.

«Дәл сол кезде мен оқиғаның кездейсоқтық екенін ойламадым. Ол қалыпты нәрсе еді. Біреуді айыптау оңай емес, бәрін бір Құдай біледі. Бірақ сот өтіп, адам өзінің жасаған қылмысын мойындап, бәрін айтып бергенде ешкімнің күдігі қалмады. Ержан ешқашан өзіне қысым көрсетіп жүр деп айтқан емес. Ол кезде бәскелесті орта болды. Ержан көшбасшы ретінде үнемі күресіп жүретін».

Арсен Сапаров Тұран Әлем Банкі төрағасының орынбасары болған.  Ол Ержан Тәтішевпен 1995 жылы танысқан. Сол кезде оны Ержан Казкоммерц банкке жұмысқа шақырған.  Ал кейін Әлем және Тұран банктері қосылған кезде Тәтішев оны өзінің орынбасары қызметіне шақырған.

«Ержан менің ең жақын досым еді. Ол ұлы банкир, өйткені мен оны жоғары бағалаймын. Оның қазасы ел үшін де орны толмас ауыр дүние. Ол отбасын, достарын жақсы көретін, үнемі банк туралы ойлайтын. Мен ұзақ уақыт шетелде тұрдым. 2013 жылдан бері туғанын күнінде және қайтқан күнінде зиратының басына барып тұрамын. Ата-анасына да барып тұрамын.  Ержанның энергетикасы өте күшті еді. Ол бәрін біріктіріп тұрған берік негіз еді».

Ержан Тәтішевтің өмірбаяны

Ержан Нұрелдайымұлы Тәтішев 1967 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді.

Әкесі Нұрелдайым Тәтішев қарапайым ауыл дәрігерінен Кентаудың бас дәрігері қызметіне дейін көтерілген. Анасы Ұлтай Шомашева орта мектепте физикадан сабақ берді.

Ержан Тәтішев Кентау қаласының орта мектебін үздік аяқтап, Мәскеу институтына оқуға түседі. Мәскеу қолданбалы биотехнология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша 1991 жылы тәмамдайды. Көп ұзамай Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Тәтішев еңбек жолын «Мадина» шағын кәсіпорнынан бастаған. 1991 жылы «Астана-Холдинг» компаниясының вице-президенті болды.

1993-1995 жылдары – «Қазкоммерцбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары; 1996 жылдың қаңтар-наурызы – «KRAMDS-банк» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары; 1996 жылдың наурызы – 1997 жылдың қаңтары – «Қазкоммерцбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1997 жылдың қаңтарында «Тұран Әлем Банкінің» (кейін БТА банкі) басшылығына келді.

1997 жылдың қазанында «Тұран Әлем Банкі» төрағасының орынбасары болды. Ал 1998 жылдың сәуірінде қайтадан басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ержан Тәтішев 2004 жылы желтоқсан айында аң аулау кезінде қаза болды. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды. Жұбайы Анар Айтжанова күйеуі өлер алдында эстрада әншісі ретінде таныла бастаған. Тіпті алғашқы жеке альбомын да шығарып үлгерген.

Банкирдің сүйікті істерінің бірі аңшылық пен үлкен теннис болған. Қаржыгердің өлімінен кейін «Ержан Тәтішев қоры» құрылды.

Мықты қаржыгер ретінде танылған Ержан Тәтішев 1997 жылдың қаңтарында Тұран Әлем Банкін басқарды. Бұл Қазақстан үшін қиын кезеңдер болатын – инфляция, шаруашылық байланыстардың үзілуі. Осы уақытта Тұран Әлем Банкінің активтердегі үлесі 7 пайызға жуық еді. Ал 2003 жылға қарай ол 20 пайызға дейін өсті. 2003 жылы банк бес жылдық даму стратегиясын іске асыра бастады.

Ержан Тәтішев басшылық еткен 7 жыл ішінде банк 22 филиал, 180 ЕКҚ және Мәскеу, Киев, Минск, Бішкек, Шанхай, Қазан, Екатеринбург, Тбилиси, Душанбе қалаларында халықаралық өкілдіктер ашты. Бұған қоса, Кишинев, Ереван, Ташкент, Санкт-Петербор мен Саранскта өкілдіктер ашу бойынша жұмыс басталды.

2004 жылдың мамырында Тәтішев «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның Ресей экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Во имя России» алтын орденімен марапатталды. Осылайша ТМД-да алғашқы болып осындай құрметке ие болды.

Дереккөз: informburo.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.