14-09-20 |
520 рет қаралған
Коронавирус жұқтырған 121 адам ауыр халде жатыр.
Коронавирус жұқтырған 121 адам ауыр халде жатыр

Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырған 121 адам ауыр халде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі өзінің Telegram каналында осындай ақпарат таратты. Дәл қазіргі уақытта 22 науқастың жағдайы мүлде нашар деп бағаланса, 23-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сондай-ақ, ведомство коронавирустың жаңа толқыны туралы мәлімдеді.
«Қазір Қазақстанда жалпы саны 4,8 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Әзірге жағдай тұрақты. Біз Еуропа мен ТМД елдерінде аурудың өсімін байқап отырмыз. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстауымыз керек», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Ведомство қазір коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр. Осыған орай, ауруханаларды төсек-орындарымен жабдықтап, дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде.
«Ауру өсімінің 30 пайызы маска тағуға және әлеуметтік қашықты сақтауға байланысты екенін тағы қайталаймыз. Өкінішке орай, халық маска тағып жүрген жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайды адам көп жиналған жерлерден байқауға болады. Біз осы талапты орындауға шақырымыз», – деді Цой.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустық инфекция жұқтырған 4 557 адам емделуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.