12-10-20 |
540 рет қаралған
Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына 10 млн теңге төленді.
Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің туыстарына 10 млн теңге төленді

Коронавирустан қайтыс болған барлық медициналық қызметкерлердің туыстары мен жақындарына 10 миллион теңге өтемақы төленді. Бұл жайында бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
«Коронавирустан қайтыс болған барлық медициналық қызметкерлердің туыстары мен жақындарына 10 миллион теңге өтемақы төлеу жөнінде түбегейлі шешім қабылданды. Осы аптаның соңына дейін ақша олардың банктік есепшотына түседі. Қазақстанда пандемия басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан қайтыс болыпты. Батырларды мәңгілік есте сақтаймыз!», – деді Бағдат Қожахметов. Ал, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін COVID-19-бен күрес кезінде қаза болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтемақының аударылып қойғанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.