28-09-20 |
620 рет қаралған
Лукашенко Макронға ақыл айтты.
Лукашенко Макронға ақыл айтты

Франция президенті Эмануэль Макрон Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында «наразылық білдірушілердің ерлігіне қайран қалам», «Александр Лукашенко отставкаға кетуі керек» деген сөздерді айтып пәлеге қалды. Беларусь басшысы оған өз дәлелдерімен мынандай жауап қайтарды:
«Біріншіден. Макрон мырза осыдан екі жыл жыл бұрын Париж көшелеріне «сары күртеше» кигендер шыққанда кетуі тиіс болатын. Уақыт өтіп жатыр олар наразылығын тоқтатар емес, Францияда бұқараның қарсылық көрсетуі әдетке айналды. Ал, Макрон қызметінде әлі отыр. Бұған Марсель мен Лиондағы BLM мен мұсылмандар наразылығын қосыңыз. Осының бәрін ескере келе, Миниск билікті аталған топтарға бейбіт түрде табыс ету үшін келіссөз жүргізуге өз алаңын ұсынады. Екіншіден. Тәжірибелі саясаткер ретінде айтарым, әлі пісіп жетілмеген Макрон мырзаның жан-жаққа жалтақтамай Францияның ішкі мәселелерімен айналысқаны жөн. Соңғысы, Эмануэль Макрон Беларусь президенттігіне бұрын кандидат болған әйелмен тым қатты әуестеніп кетті. Ертең жеке басының дауға қалмасына кім кепіл», – деді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.