07-10-20 |
320 рет қаралған
Навальныйдың «Новичок»-пен уланғаны расталды.
Навальныйдың «Новичок»-пен уланғаны расталды

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың уланғанын растайтын зерттеу қорытындысын жариялады. Ұйымдағы неміс үкіметінің өкілі саясаткердің «Новичок» затымен уланғаны жөніндегі қорытындыны Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қол қойған елдердің бәріне жөнелтуді сұрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Кремльдің басты қарсыласы Алексей Навальный 20 тамызда Томск-Мәскеу ұшағында есінен танып қалған. Ұшақ Омбы қаласына қонып, Навальный жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейін ол туыстарының талабы бойынша Германиядағы «Шарите» емханасына жеткізілді. Мұнда 24 күн жан сақтау бөлімінде жатып әрең есін жинады. Батыс елдері Навальныйға жасалған қастандықтың артында Ресей билігі тұр деп санайды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.