30-09-20 |
570 рет қаралған
Қазақ радиосының хабар таратқанына 99 жыл.
Қазақ радиосының хабар таратқанына 99 жыл

Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

«1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл болады. Айтулы күнге орай, Қазақ радиосындағы əріптестеріміз тыңдарманына ерекше сый дайындап отыр.
Осы күнгі бағдарламаларды үндері көпшілік құлағында қалған радио ардагерлер – Ұлжан Пармашқызы, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, Бүркіт Бекмағамбетов, Құсман Игісінов, Күлəш Молдахметова, Əбдірəлі Бөлебай, Нұржан Жалауқызы жүргізеді.
Келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтетін, тəулік бойы бойы хабар тарататын еліміздің бірінші радиосын тыңдап өстім, тыңдап келемін. Оның үстіне, Сауық апамыздың ертегілерін, Аманжан ағаның қоңыр үнін естіп есейген ұрпақтың бірі ретінде бұл тартуды ерекше қабылдадым.
Қазақ радиосы үнемі қосулы болсын!»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.