04-11-20 |
1150 рет қаралған
Шымкентте алып қашқан қыз терезеден секіріп мертікті.
Шымкентте алып қашқан қыз терезеден секіріп мертікті

Оқыс оқиға 3-ші қарашада болған. Кеуде, омыртқа, жамбас сүйектері сынған азаматша бірінші қалалық ауруханаға түсті. otyrar.kz сайтының хабарлауынша қазір қыздың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер оның жарақатының қаншалықты ауыр екеніне қатысты түсініктеме бермеді. Тергеу, тексеру амалдарын жүргізіп жатқан полиция да ештеңе айтпай отыр. Қызды алып қашқан жігітке қылмыстық кодекстің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, бас бостандығынан заңсыз айыру сияқты бірнеше баптары бойынша айып тағылуы мүмкін. Полиция әзірге күдіктінің ұсталғаны, ұсталмағаны жайында да ақпарат таратпады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.