05-11-20 |
730 рет қаралған
Тазабеков сәлафизмнен біржола бас тартты (видео).
Тазабеков сәлафизмнен біржола бас тартты (видео)

Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабеков бертінге дейін сәлафизм идеологиясын ұстанып келгенін мойындады. Қоғам қайраткерінің бұл ұстанымға қатысты күдік тудырған ойларына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы нүкте қойған. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен Тазабеков мұны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің кезектен тыс ХХVII мәжілісінде мәлімдеді. «Соңғы 7-8 жылда осы мәселені зерттеумен айналысып, Алла разы болсын соңғы нүктесін Наурызбай хазірет қойып отыр. Өйткенде осыған байланысты соңғы бір күмәндарым, соңғы бір сейілмей тұрған дүниелерімді бұ кісі ақ қарасын, аманатын мойнына арқалап отырып айтып, түсіндіріп мен бір бармаған бұрыштар мен дүниелер бар екен, күмәнімді кетірді», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.