29-10-20 |
600 рет қаралған
Түркия Қазақстанмен бірге әскери одақ құрмақ ниетте.
Түркия Қазақстанмен бірге әскери одақ құрмақ ниетте

Түркия Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерімен бірлесіп «Тұран әскерін» құруға ниет білдіріп отыр. Бұл жайында профессор, ғылым докторы Кюршад Зорлу Тurkiye газетіне берген пікірінде айтты.
«Бұл түркі әлемінің күн тәртібінде тұрған сұрақтарының бірі. Қарабақ қақтығысындағы Түркия мен Әзербайжанның әріптестігі бұл мәселеге өз үлесін қосты», – дейді сарапшы.
2013 жылы Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Моңғолияда бұл ұйым «Әскери мәртебені қамтамасыз ету жөніндегі агенттік» деп аталған болатын.
«Тұран әскерін құрудың маңызы зор, дәл қазіргі уақытта ол қызбалықтай көрінуі мүмкін. Бірақ оның нәтижесі ұзақ мерзімге жоспарланған. Біз Түрік кеңесінің аясында әскери әлеует пен техникалық әріптестікті арттыру мақсатында нақты қадамдар жасауымыз керек. Ментальды құрылым мен халықаралық баланс тиісті деңгейге жетпей мұндай жобаларды жариялау асығыстық болар еді. Ол оның үрдісіне кедергі келтіреді», – дейді Кюршад Зорлу.
Жуықта Wargonzo Telegram-каналы Таулы Қарабақтағы соғыстың ушығып кетуі мүмкін екенін жазды. Олардың мәліметінше, Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Сириядағы түрік жасақтарын бомбалатқан Ресейден кек алуы әбден мүмкін. Сондықтан Анкара Арменияның оңтүстік облыстарына шабуыл жасауы ықтимал.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.