03-11-20 |
360 рет қаралған
Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 95-ке жетті.
Түркиядағы зілзала: Қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 95-ке жетті. Табиғат апатынан сонымен бірге мыңға жуық адам зардап шекті.
«Зілзала салдарынан қаза тапқандардың саны күн сайын артуда. Соңғы мәлімет бойынша 95 адам қайтыс болды», – деп хабарлады республикалық төтенше жағдайлар және апаттарды басқару жөніндегі агенттік.
Мамандардың айтуынша, 30 қазанда басталған зілзаланың 1385 афтершокы болған. 6,6 балдық жел сілкінісінің эпицентрі – Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Апат кезінде 20-дан астам ғимарат қирап, көптеген адам баспанасыз қалды. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын», – делінген жеделхатта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.