03-11-20 |
490 рет қаралған
Вена қаласына лаңкестер шабуыл жасады (видео).
Вена қаласына лаңкестер шабуыл жасады (видео)

Австрияның астанасында төрт нысанға лаңкестер шабуыл жасады. Қазір Венада құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп жатыр. Зайтенштеттенгассе синагогасында басталған атыс кезінде 2 адам қаза тауып, 15-і жараланды. Күдіктілердің бірін полиция қызметкері атып өлтірді.
«Мен мұның лаңкестік ұйымдардың шабуылы екенін растаймын. Сейтенштеттенгасе көшесінен басталған шабуыл әлі де жалғасуда. Қазір Венада арнайы операция жүріп жатыр», – деді Австрия ІІМ басшысы Карл Нехаммер.
Экстремистердің ақпараттық белсенділігіне мониторинг жүргізетін америкалық SITE Intelligence Group компаниясы шабуылға жиһадшылардың қатысы бар екенін мәлімдеді. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен күрес жүргізген АҚШ коалициясында Австрияның да болғаны белгілі. Сарапшылардың айтуынша, экстремистік топтар сол үшін кек алуы мүмкін. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.