24-05-23 |
840 рет қаралған
Биыл жемқорлардан түскен 96 млрд 495 млн теңгеге 62 жоба жасалмақ.
Биыл жемқорлардан түскен 96 млрд 495 млн теңгеге 62 жоба жасалмақ

Биыл жемқорлардан түскен 96 млрд 495 млн теңгеге 62 жоба жасалмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта 62 жобаның тізімі берілген. Өңірлер бөлінісінде Астана қаласы мен Алматы облысында осы қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны өзгелерден бірнеше есе басым. Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектептің жобасы жоспарланған. Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр.

Осылайша биыл жемқорлардан түскен қаражат есебінен 96 млрд 495 млн теңгенің 62 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңадан мектеп салу және орын тапшылығы бар білім мекемесіне қосымша ғимарат салу жобалары бар.

Мектептер тізімін және әрқайсысына қанша қаражат бөлу жоспарланғаны төменде беріліп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.