Logo
Іздеу
Айдарлар

Сот шешімімен жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта жұмысқа оралды

/
Сот шешімімен жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта жұмысқа оралды
Фото: коллаж arasha.kz

Баку. 1news.az – Мектеп директорларын аттестациялау және білім сапасын арттыру мәселесі бойынша өткен АДА университетіндегі жиында Әзербайжанның ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев маңызды мәлімдеме жасады.

Министрдің айтуынша, қызметінен босатылған мектеп директорларының шамамен 20 пайызы кейін сот шешімімен жұмысқа қайта алынған. Бұл – білім беру жүйесіндегі шешімдердің құқықтық негізде қаралатынын көрсететін фактор.

Сондай-ақ, Эмин Амруллаев мектептерде анықталған бірқатар келеңсіз оқиғаларға тоқталып, ондай жағдайлардың барлығы жан-жақты тексерілетінін және заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, жиын «Сертификация 2025: кәсіби мұғалім – сапалы білім беру» тақырыбында өтті. Бұл шарада болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығы, білім беру сапасын көтеру және басқару жүйесін жетілдіру сынды мәселелер кеңінен талқыланды.