26-03-21 |
620 рет қаралған
Елімізде 5 жастан асқан бүлдіршіндер мектепке қабылданады.
Елімізде 5 жастан асқан бүлдіршіндер мектепке қабылданады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылау тәртібін түсіндірді.

«1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады. Мектепке алты жастағы және осы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады», – деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Оның айтуынша, барлық құжатты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  тапсыруға болады. Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап ете алмайды.

«Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс бір үміткер оқуға қабылданады», – деп атап өтті Каринова. 

Ресми мәліметке сәйкес, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа баратын балалардың саны 340 мыңнан асады деп болжанып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.