24-12-21 |
1200 рет қаралған
Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді.
Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидаларына қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

 

Министр Facebook парақшасында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау енді жаңа форматта: конкурс және нақты белгіленген критерийлер арқылы жүзеге асырылатыны туралы жазды.

Аймағамбетовтің сөзінше, бұған дейін нақты ережелер болмаған, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін.

«Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес», – деп жазды ол.

Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.
Жұмысқа қабылдау тәртібі мынадай:

Жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Өтініш беруші өзінің бағалау парағын қоса ұсынады. Онда барлық жетістігі, нәтижелері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және басқа да ақпарат көрсетіледі. 

Әрбір бағыт бойынша кандидат белгіленген критерийлер арқылы бағалау шкаласына сәйкес өз балдарын дербес қояды.

Конкурстық комиссия өтініш берушінің өзі қойған балдардың, оларды растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, қорытынды ұпай шығарады. Нәтижесінде бос орынға ең көп балл жинаған үміткер қабылданады. Субъективизм деңгейі барынша төмендейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.