22-08-23 |
980 рет қаралған
Хит болған хиджап. Министр тағы не деді?.
Хит болған хиджап. Министр тағы не деді?

Үкімет отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікір айтты.

Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек, – деді министр.

Бейсембаев атағандай, зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз керек.

Еске салсақ, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба» деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда министр оған нақты жауап бермеген болатын.

Arasha.kz

ФОТО: azattyq-ruhy.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.