02-12-21 |
710 рет қаралған
Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды.
Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктердің өтпейтінін хабарлады. 

 

«Ертеңгілік және өзге де жаппай ісшараларға келетін болсақ, мектептерде мұндай жиындар өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де шаралар ұйымдастырылмайды», – деді Асхат Аймағамбетов. 

«Сынып ішінде мерекелік отырыс жасау шешімін мектеп әкімшілігі қабылдайды», – деп қосты министр.

Асхат Аймағамбетов омикрон штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқуға жіберу туралы айтуға ерте екенін айтты. 

«Қазір бұл туралы айту ерте. Ведомствоаралық комиссия шешімі аясында жұмыс істейміз. Әзірге қорытынды жасау үшін деректер аз», – деп жауап берді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.