08-02-22 |
570 рет қаралған
Қазақстанның барлық мектебінде оффлайн оқу басталады.
Қазақстанның барлық мектебінде оффлайн оқу басталады

14 ақпаннан бастап Қазақстандағы мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

 

«Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты жағдайдың күрт өскені белгілі болатын. Қазір жағдай қадағалауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі – жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады», – деген вице-премьер. 

Сондай-ақ ол бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.

«Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіздің берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантиндік шаралар алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге келуіне байланысты нақты шаралар қабылданып, барынша жеңілдіктер жасалып жатыр. Келесі жұмадан бастап барлық мектептерде оқуды офлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», -деді Ералы Тоғжанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.