22-06-23 |
1690 рет қаралған
Тротуары жоқ елде самокатты қолдану туралы заң қабылданды.
Тротуары жоқ елде самокатты қолдану туралы заң қабылданды

Сенатта самокаттарды пайдалану туралы заң қабылданды.

Енді 18-жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға шағын электр көлігін жүргізуіне тыйым салынады.

«Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады. Ал олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалады. Бұдан бөлек көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші құжатын және номерлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев дулығасыз, жүргізуші куәлігінсіз және жарық шағылыстыратын киім кимеген самокат жүргізушілері қалай жазаланатынын айтты

Енді электроскутер жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін екі бап – ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын басқа талаптарды бұзғаны үшін 620-бабы бойынша (барлық басқа құқық бұзушылықтар кіреді) жауапкершілікке тартылады. Айыппұл көлемі – 5 АЕК, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Мұны естіген әлеуметтік желі қолданушылары самокатты қолдану туралы заң шығармас бұрын, сол самокат жүретін жолдарды дұрыстап алмай ма деген уәж айтып жатыр. Олардың сөзіне қарағанда өзге қалаларды былай қойып, еліміздің ең басты екі қаласы – Астана мен Алматыда самокатпен жүру мүмкін емес.

Анда-санда самокатқа мініп алып, жұмысқа барамын. Кептеліс кезінде өте ыңғайлы. Тек соңғы кезде заңнамалық түрде реттейміз деген жаңалықтар көбейіп кетті. Ол самокаттан бұрын неге жол, тротуар мәселесін шешпейді? Мына қалада сау адам жүретін жол жоқ. Самокат мінсең болды, ақ тер, көк тер болып көтеріп жүресің. Бірінші кезекте сол жолды дұрыс салмаған адамдарды жауапқа тарту керек. Қазақстанда бір қала адамдарға арналмаған! Бір кем дүния! – деп жазды белгілі эко-белсенді Сәкен Ділдахмет.

Иә, осындайда қазақтың «отауыңды сайлама…» деп басталатын аталы сөзі еске түседі.

Arasha.kz

ФОТО: sportmaster.ru

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.