10-03-20 |
470 рет қаралған
Бекшин: 11-16 наурызда біздің елде де коронавирус шығуы мүмкін.
Бекшин: 11-16 наурызда біздің елде де коронавирус шығуы мүмкін

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жақын күндерде Қазақстанда да коронавирусқа шалдыққандар анықталуы мүмкін екенін айтты.

«Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурызда біздің елде де коронавирус шығуы мүмкін. Плюс-минус бір апта. Біз жағдайды болжап, топшылап жатырмыз. Болжам орындалмауы да мүмкін», – дейді бас санитарлық дәрігер.

Жандарбек Бекшин жағдайды болжауды ғалымдар матиматикалық модельдеу арқылы есептеп отыр.

«Бізде коронавирустың бірлі-жарым жағдайы анықтала салысымен арнайы шара қолдана бастаймыз», – деді Ж. Бекшин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.