20-04-21 |
2130 рет қаралған
Цой оқушылар арасында індеттің таралуына алаңдады.
Цой оқушылар арасында індеттің таралуына алаңдады

Төртінші тоқсан басталғалы елімізде 3706 оқушы індет жұқтырған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушылар арасында вирус жұқтырғандардың көбеюін дәстүрлі оқыту форматына көшумен байланыстырады.

«Дәстүрлі оқыту форматы енгізілгеннен бастап оқушылардың вирус жұқтыруы көбейді. Төртінші тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індетке шалдықты, соның ішінде оффлайн режимде –1093, онлайн режимде – 2613», – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, дәстүрлі форматта оқитын вирус жұқтырған оқушылардың ең көбі Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарда тіркелсе, онлайн режимде оқитындар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.

«Осыған байланысты әкімдіктер мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын үнемі бақылап, аурудың алдын алу шараларының орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде оффлайн режимде оқытуды бастамау қажет», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.