05-05-21 |
740 рет қаралған
Мәжіліс төрағасы Алексей Цойға халықты шатастырмауды ескертті.
Мәжіліс төрағасы Алексей Цойға халықты шатастырмауды ескертті

«Вакцинаның екі дозасы арасындағы айырмашылық туралы әртүрлі ақпарат халықты шатастырып жіберді» деген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынады.

«Сіз 21 күн дедіңіз, орынбасарларыңыздың бірі 45, 90 күн деген ақпарат таратып жатыр. Біз халықты әбден шатастырдық қой. Біз халықаралық стандарттарға бағынуымыз керек қой. Сіздердің дипломдарыңызда денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы деп жазылған ғой. Ең болмаса, вакцинацияны жөндеп ұйымдастырсаңыздаршы. Өйткені бір ақпарат шығады, одан кейін мүлдем басқа ақпарат шығады. Негізі Алексей Цой мырза сіз дұрыс айтып отырсыз. Бастапқыда халық қарсы болғаны рас. Бірақ біздің мақсатымыз – вакцинаны дұрыс ұйымдастыру. Мемлекет басшысы да тапсырма берді. Бірақ жеткілікті деңгейде жұмыс жасалмады», – дейді Нығматулин. 

Мәжіліс төрағасы Жамбылдағы зауыттағы вакцина өндірісіне қай министрлік жауапты екенін ескертті. 

«Өздеріңіз де ешнәрсе түсініп отырған жоқсыздар. Бұл өте маңызды жоба. Бұл вакцинаны халық күтіп отыр. Қажетті қаражат сіздерге берілген болатын. Қазір қайтадан қаржы сұрап отырсыздар, тағы береміз. Барлығы сіздердің қолдарыңызда. Барлығын жөндеп ұйымдастырыңыздар», – дейді Нығматулин. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.