01-02-21 |
460 рет қаралған
Қазақстанда вакцина салдырғандарға жеңілдіктер бар.
Қазақстанда вакцина салдырғандарға жеңілдіктер бар

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцина салғызғандарға жеңілдіктер қарастырылатынын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрінің мәліметінше, вакцина салудың басталуымен санитарлық талаптарға өзгерістер енеді.

«Біз вакцина салдырған адамнан ұшар алдында ПТР анықтамасын талап етпейміз. ПТР анықтамасының болуы адамның қай елге бара жатқанына байланысты. Шетелде ПТР анықтамасын сұраса, біз оған қарсы тұра алмаймыз. Вакцинациялау басталуымен байланысты жалпы жағдай өзгереді деп отырмыз. Себебі көптеген елдер вакцина алған адамдарға қатысты талапты жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл сұрақ қазір күн тәртібінде тұр. Және біз вакцинация жүргізу процесін электронды түрде қадағалауды енгіземіз», – деді бас санитар дәрігер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.