13-03-21 |
500 рет қаралған
«Спутник V» екпесі 400-ден астам қазақстандыққа кері әсер берген.
«Спутник V» екпесі 400-ден астам қазақстандыққа кері әсер берген

Қазақстанда егіліп жатқан коронавирусқа қарсы вакцинаның теріс әсері де байқалуда. Ресейлік «Спутник V» препараты 415 азаматқа жақпаған.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты КТК телеарнасы дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Белгілі болғандай, аталған індетке қарсы вакцинаның бірінші компонентін медицина, ішкі істер және педагогика саласындағы 59 мың адам салдырса, екінші кезекте тек 18 мыңдай медицина қызметкері қабылдаған.

Алайда, ресейлік «Спутник V» вакцинасы 415 азаматқа кері әсерін тигізген. Ал мамандар болса «Бұл қалыпты жағдай» дейді.

Ұлттық дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау орталығының сарапшысы Александр Гуляевтың айтуынша, екпенің тиімділігін көру үшін уақыт керек.

«Осы немесе басқа коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігін, артықшылығын байқау үшін, менің ойымша, екі жылдай уақыт керек. Сол кезде ғана қай вакцинаның қауіпсіз, тиімді екенін ұға аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вакциналарының тиімділігі 60-тан 90 пайыз шамасында екенін айтып жүр және соған сенімді. COVID-19-ға қарсы кез келген вакцинадан кейінгі иммунитет екі жыл сақталады. Ол тіпті бір жыл да болуы мүмкін екен. Екпе қабылдаған адамның коронавирус жұқтыруы, не жұқтырмауы оның созылмалы ауруына да байланысты болады», – дейді сарапшы.  

Оның айтуынша, індетпен күрескен науқастың антиденелері болғанымен, вакцина алғаны дұрыс. Сонымен бірге, екпеге қарсы көрсетілімдер бар.

Мәселен, адам соңғы алты айдың ішінде қатерлі ауруға шалдықса, вакцина салдырудың қажеті жоқ. Жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы бар адамдарға және 18 жасқа толмағандарға екпе салынбайды.

Ал ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева барлық адам коронавирусқа қарсы егілуі керектігін ескертеді.

«Вакцина салдыратын адамдардың антиденелері қалыптасады және G 10, 5, 7 иммуноглобулиндері болуы мүмкін, бірақ олардың қанша уақытқа созылатынын ешкім білмейді. Сондықтан барлық адамдардың антиденелері бар ма, жоқ па, ол коронавирусқа қарсы егілуі керек»

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.