12-01-19 |
2150 рет қаралған
ТМД елдерінде тамақтану өміріңізге қауіпті.
ТМД елдерінде тамақтану өміріңізге қауіпті

Йендегі Фридрих Шиллер атындағы неміс университетінің ғалымдары 1990 жылдан 2016 жылға дейін зерттеу жүргізіп, ең зиянды, «адам өміріне қауіпті» тамақтану ТМД елдерінде деген қорытындыға келген. 

Daily Mail басылымының жазуынша, зиянды тамақтар тұтындатын елдердің көшін өзбек ағайындар бастап тұр екен. Бұл елде 100 мың адамға шаққанда 394 адам дұрыс тамақтанбаудың салдарынан қайтыс болыпты.

Рейтингтің екінші сатысына Түркіменстан жайғасыпты. Мұнда 376 адам дұрыс тамақтанбаудың құрбаны болған. Қырғыз көршілерде 350 қаза дәл осы себептен туындап, үшінші орында тұр.

Одан кейін Украина, Молдавия, Әзербайжан, Белоруссия, Тәжікстан тұр.

Ал Қазақстан тоғызыншы орынға орналасып, 100 адамға шаққанда 306 өлім тіркеліп отыр. 

Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өлім құшып жататын елдердің қаралы рейтингінде Ресей алғашқы ондықты жабады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.