Әзірге бұл бастама тек Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асырылып жатыр – осы екі қалада жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-видеожетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.
Аталған жоба медицина қызметкерлерінің шақырту кезінде қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Ол қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алатын шабуыл, қақтығыс немесе агрессия жағдайларында олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жүйе пилоттық режимде жедел жәрдем ұйымдарында тек екі қалада жұмыс істеуде. Видеожетондар SOS батырмасымен, геолокация функциясымен және ауысым соңында жазбаларды автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен жабдықталған. Барлық құрылғылар орталықтандырылған басқарудың қорғалған жүйесіне қосылған. Жобаның іске қосылған сәтінен бастап видеожетондар жедел жәрдемнің 3 000-нан астам шақыртуын сүйемелдеуде пайдаланылған.
Жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықтар толық бапталып, қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізілген. Жоба ІІМ-нің Жедел басқару орталығымен интеграцияланған. SOS сигналы мен бейнесигнал автоматты түрде ІІМ жүйесіне жіберіледі.
2019–2023 жылдар аралығында Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шеккен. Олардың ішінде 2022 жылы – 46, 2023 жылы – 80, ал 2024 жылы 12 шабуыл оқиғасы тіркелген.