20-11-23 |
1920 рет қаралған
Бекболат Тілеухан: Қазақстан салафизмге ешқашан тыйым сала алмайды.
Бекболат Тілеухан: Қазақстан салафизмге ешқашан тыйым сала алмайды

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан салафизм ағымы туралы ойын ашық жеткізіп, оған Қазақстанда ешқашан тыйым салынбайтынын жасырмады.

Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты.

Экс-депутат сәләфизм, уахабизм сияқты ағымдарға елімізде ешқашан тыйым салынбайды деді.

Ешқашан тыйым салынбайды. Сәләфизм деген егер соғысқа шақыру болса, қарсымын. Сәләфизм егер бүкіл тарихты кінәлайтын (күстаналайтын) болса, қарсымын. Ал өзім ешқандай ағымның өкілі емеспін. Алланың, пайғамбардың жолындамын. Абу Ханифа мазһабын тастай ұстанамын,  – деді Бекболат Тілеухан.

Экс-депутат сәләфизм ағымында жүрген адамдарға дұғасы қабыл болсын деген сөзден артық ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

Алла қабыл қылсын. Мен олардың дініне байланысты ештеңе дей алмаймын. Сақалын, балағын, жүрегін қабыл қылсын. Басқа не айтам!? Сақалыңды ал, балағыңды ұзарт деп ел айтты екен деп айтам ба? Құдай сақтасын. Ол өзінің нанымымен жүр екен, Алла жанын жәннаттан қылсын. Дұғасын қабыл қылсын, – деді экс-депутат.

 

Дереккөз: bugin.kz

buginФОТО: скриншот

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.