17-10-19 |
650 рет қаралған
Үкімет есебі: Қазақстандықтар 1000 теңгеге бір күн өмір сүреді.
Үкімет есебі: Қазақстандықтар 1000 теңгеге бір күн өмір сүреді

Бүгін, 17 қазан Дүниежүзілік кедейлікпен күрес күні. Қазақстанда кедейлік ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі. Ал ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең.

Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен көрсеткіші. Мұның ішінде азық-түліктен бөлек тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ең төменгі тұтыну себетінің 45 пайызы жатады.

Статистика Комитетінің мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйегінде елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 31759 теңгені құраған. Яғни бұл сомманы 30 күнге бөлсек, бір адам күніне 1058 теңгеге толыққанды тамақтану мен қатар, басқа да тауарлар мен түрлі қызметтер ала алады деп бекітілген. 

Оның ішінде азық-түлікке айына 17 467 теңге, Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 14 292 теңге жұмсалады дейді Статистика Комитеті. 

Мұның ішінде азық-түлікке кететін қаражатты жеке есептейтін болсақ, Қазақстанда тұрмысы ең төменгі адамның ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығынының үлесі – 19,3% құрайды. Яғни 3370 теңгеге бір ай бойы сіз ет пен балық тұтынасыз. Ал ет пен балықтың бағасы сіздің қалаңызда қанша теңге тұрады?

Бұдан бөлек сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа алуға – 14%, жемістер мен көкөністерге – 12,9%, нан және жарма өнімдеріне – 7%, қант, шай және дәмдеуіштерге 1,8% қаражат жұмсалады екен.

Елде ең төмен тұтыну себетiне 50 түрлі зат енгізілген. 

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің негізінде Қазақстанда 2 млн адам кедейлік шегінде өмір сүретіні мәлім болған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.