25-01-21 |
820 рет қаралған
Зейнетақы жинағын қайда жұмсаған дұрыс.
Зейнетақы жинағын қайда жұмсаған дұрыс

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдау 23 қаңтарда басталды. Бір тәулікте «Отбасы банк» сайтына 15 мыңнан аса өтініш түскен. Осы ретте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинағы нақты қайда жұмсалатынын атады.

23 «Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалануға арналған Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына 15 262 өтініш түскен. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

Төраға мәліметінше, 700 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ-да жинақталған қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе кеңейтуге, емделуге және инвестициялауға жұмсай алады.

Зейнетақы жинағын алуға компьютерден ғана өтініш беруге болады. Сайттың мобильді нұсқасы жоқ.  

Айта кету керек, біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған арнайы шотты Halyk Bank арқылы да ашуға болады.  

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған зейнетақы жинағын пайдаланудың нақты 7 нұсқасы:

  1. Кез келген банктен немесе ипотекалық ұйымнан тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық немесе бір бөлігін өтеу. Сонымен қатар баспана сатып алып және сол баспанаға  жөндеу жүргізуге (бір банктік несие шарты шеңберінде алынған қарыз болған жағдайда) алынған қарызды. Жеке тұрғын үй  салуға алынған, оған қоса жер учаскесі мен жеке қосалқы шаруашылық нысанын салу үшін алынған қарызды да өтей аласыз.
  2. Көп қабатты үйден пәтер, жеке тұрғын үй немесе жатақханадан бөлме сатып алуға болады. Баспананы алғашқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ салынып жатқан үйде (ҚР заңнамасына сәйкес кепілдік берілген жағдайда) үлестік қатысу шартына сәйкес сатып алуға болады.
  3. Зейнетақы жинақтарыңызды Отбасы Банкінде бастапқы жарна ретінде  пайдалану. Біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы Банкіне  бастапқы жарна ретінде пайдаланып, тұрғын үй сатып алу –  Қазақстандықтар арасында зейнетақы жинақтарын қолданудың ең жиі кездесетін мақсаттардың бірі.
  4. Отбасы банкінен және  ҚР басқа екінші деңгейлі банктері арқылы тұрғын үй сатып алуға,  зейнетақы жинақтарын  бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады. Алғашқы немесе қайталама нарықтан пәтер, жеке тұрғын үй, жатақхана бөлмесін сатып алуға болады. Ал егер сіз жөндеу жұмыстарын жоспарлаған болсаңыз, оны да бір банктік қарыз шарты аясында көрсетіп, рәсімдей аласыз.
  5. Сатып алу құқығымен жалдамалы түрде алған баспанаңызыдың қарызын өтей аласыз. Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сіз тұрғын үй құрылыс бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген пәтер қарызын толық немесе бір бөлігін өтей аласыз.
  6. Зейнетақы жинақтары есебінен де, сондай-ақ зейнетақы жинақтарына өз қаражатыңызды қосып та жеке тұрғын үй салуға (оның ішінде жер учаскесін сатып алу) болады.
  7. Несиеңізді басқа банктен қайта қаржыландырыңыз және оны тиімді шарттармен отбасы банкіне аударыңыз. Басқа банктерден тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде жөндеу жүргізе отырып), жеке тұрғын үй салуға (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) алған ипотекалық несиелеріңізді біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен, Отбасы банкіне аударып қайта қаржыландыра аласыз. Несие бойынша ең төмен мөлшерлеме, салық жеңілдіктері, несие өтінімі жылдам қаралады.

Зейнетақы жинақтарын ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға жіберу үшін онлайн-платформада өтініш беру қажет.

Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.