20-04-22 |
1030 рет қаралған
Қымбатшылық: «Үкіметтің бағаны ұстап тұруы үлкен жарылысқа апаруы мүмкін».
Қымбатшылық: «Үкіметтің бағаны ұстап тұруы үлкен жарылысқа апаруы мүмкін»

Елдегі қымбатшылық мәселесі жылдағыдай тағы қайталанып, үкімет қымбатшылықпен күресуге кірісіп, дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап жатыр. Әзірге үкімет қабылдап жатқан шаралардың нақты нәтижесі жоқ. Ал экономист Мақсат Халық «үкімет қымбатшылық мәселесін шеше алмайды» дейді arasha-ға берген пікірінде.

«Қазіргі жағдайда үкімет қымбатшылық мәселесін шеше алмайды. Үкімет қанша әрекет жасаса да қымбатшылық тоқтамайды. Дегенмен үкімет қымбатшылықтың қарқынын азайтуға жұмыс істеуі керек. Мысалы, қаңтар оқиғасынан кейін үкімет газдың бағасын алты айға бекітіп қойды. Одан кейін не болмақ? Бекітілген бағаның бір қалыпты тұрмайтыны анық. Газдың бағасы қаншалықты өседі? Міне, осындай мәселелер өзекті. Үкіметтің газ бағасына қатысты шешімі секілді бағаны бекітіп қоюы дұрыс емес. Ол – уақытша ғана нәрсе. Үкімет бағаны ұстап тұрам десе, ол үлкен жарылысқа алып келуі мүмкін. Өйткені нарықтың өз талаптары бар», – дейді экономист.

Мақсат Халықтың айтуынша, үкімет қазіргі жағдайда ең әуелі азық-түліктің бағасының одан әрі шарықтап кетуіне жол бермеуі тиіс. Үкімет былтырғы картоп мен сәбіз тапшылығынан сабақ алуы керек.

«Сондықтан қымбатшылықтар құтылатындай жағдай емеспіз, бірақ үкімет оны барынша жеңілдете алады. Мәселен, шаруалармен келісім жасап, сол бағамен дүкен сөрелеріне дейін жеткізетіндей логистикалық тізбек жасау керек. Сол кезде арада делдалдар болмайды, тауар арзан бағамен тұтынушыға жететін болады», – дейді сарапшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.