17-05-19 |
1090 рет қаралған
Татьяна Валовая: «Еуразиялық экономикалық одаққ ортақ валютаның қажеті жоқ».
Татьяна Валовая: «Еуразиялық экономикалық одаққ ортақ валютаның қажеті жоқ»

«Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы мәселесі талқыланып жатқан жоқ. Ортақ валютаға ешқандай қажеттілік жоқ» депті Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика коллегиясының мүшесі Татьяна Валовая. Бұл туралы kapital.kz жазады..

«Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валюта енгізудің қандай да бір қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз. Орталық валютадан ешқандай пайда жоқ», – депті Татьяна Валовая.

«Валюта туралы айтқанда, бірінші проблема – ұлттық валюталардың қолданыс аясын кеңейту. Айтпақшы, біз осы аптада комиссия отырысында ұлттық валюталарды қолдану туралы баяндаманы мақұлдадық. Бұл біздің соңғы жылдардағы жұмысымыздың қортындысы. Біз ұлттық валюталарды қолдану саласын зерттеп, , алға жылжу бар ма, қандай кедергілер бар ма бәрін сараптап, әрі қарай не істеуіміз керек дегенге кеңес бердік», – дейді ол.

Татьяна Валоваяның айтуынша, Ресей Қазақстан, Ресей Белоруссияның арасында қазірдің өзінде ұлттық валюталар қолданылып жүрген көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.