Қазақстанның Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген. Экологтар тағы үш жануарды мемлекеттік қорғауға алды.
Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгіннен бастап Қазақстанның Қызыл кітабына жолбарыс Оңтүстік – Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кіргенін мәлімдеді.
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізу бұған негіз болды.
Айта кетейік, Алдыңғы Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870 -1, 3 мың басты құрайды, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.
Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады, жылқы отбасының сирек кездесетін өкілдерінің бірі, елде шамамен 10 шақты данасы бар.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024