29-06-21 |
280 рет қаралған
2000-ға жуық қазақстандық КСРО паспортымен жүр.
2000-ға жуық қазақстандық КСРО паспортымен жүр

Қазақстанда 1 797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты.

Ішкі істер министрлігі  Қазақстанда 2020 жылдың қазанынан бастап азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, құжаттандыру бойынша кең ауқымды науқан өткізген. 

«Нәтижесінде қазаннан бастап құжаты жоқ 4 686 адам анықталды. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді. Оның ішінде 3 408 адамға жеке басын куәландыратын құжат берілді, қалған 1 278 адамды құжаттандыру мәселесі аяқталып жатыр. Нақтырақ айсақ, 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр», – деді Сейтжанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.