05-03-24 |
5190 рет қаралған
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам құжат орындалуда.

Өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда және бұл шара борышкерлерге қатысты оң әсерін тигізуде.

Әдетте, қылмыстық істі тергеу сатысында борышкерлер алимент бойынша берешекті толығымен өтеп, іс тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатылады.

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды.

36 қасақана борышкерлерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Мысалы, кәмелетке толмаған бала – Ш-ның әкесі ұлын асырауға қаражат төлеу міндетін атқармаған және оның 3 миллион теңгеден астам сомасындағы  қарызы болған.

Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды.

Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек.

Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам сома құрайтын алимент қарыздары өтелді.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда.

Облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу бойынша  міндеттер орындалмағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 139-бабы) жауапкершілік туындайтынына аударады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.