09-02-21 |
810 рет қаралған
Алматылық тұрғын арыстанды ауласында ұстаған (видео).
Алматылық тұрғын арыстанды ауласында ұстаған (видео)

Алматылық полицейлер жыртқыш жануар асырап отырған фермерге қатысты дерек тіркеді. 28 жастағы тұрғын ересек арыстанды ауласында ұстаған.

Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері жыртқыш жануарды Талғар облысындағы шаруа қожалықтарының бірінен тапты.  Арыстан тұрған шаруа қожалығы Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесқайнар ауылында орналасқан.

«Арыстанды 5-тен 10 метрге дейінгі қоршауда ұстаған. Жануардың иесі Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ірі жыртқышты заңсыз ұстау фактісі Талғар аудандық полициясында ресми тіркелді», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыртқыштың одан әрі тағдыры туралы мәселе шешілгенге дейін уақытша шаруа қожалығында қалдырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.