03-07-23 |
690 рет қаралған
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімшеден қашып кеткен.
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімшеден қашып кеткен

Белгілі балуан, Парламент мәжілісінің депутаты  Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған төбелесте зардап шеккен заңгер Анна Чернова даулы іс бойынша жаңа мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, Нұрасыл әскери бөлімшеден қашып кеткен.

Біздің іс бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бөлімше басшысының қарауында болады деген бұлтартпау шарасы таңдалған әскери бөлімшеден қашып кеткенін білдім. Кешеден бері оны таба алмай жатыр. BMW көлігіне мініп кетіп қалыпты. Кім көрсе, балаға айта салыңыздар, оған қатысты тергеу жүріп жатқанын ұмытып кетіпті. Айтпақшы, қашып кетпес бұрын гаупвахтадан шыққан беті сол екен. Ал онда қашып кете берген соң қамалған шығар деп ойлаймын, – деп жазыпты Чернова Instagram желісінде.

Ал бүгін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Б. есімді әскердің бөлімшеден қашып кеткені туралы ақпарат таратты. Бірақ онда бөлімшеден қашушының Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысы бар-жоғы туралы ештеңе демеген.

2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Arasha.kz

ФОТО: Ulysmedia.kz 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.