01-12-20 |
670 рет қаралған
Хусей Дауров: Ақпанда айтқам, бізді қырған қазақтар емес!.
Хусей Дауров: Ақпанда айтқам, бізді қырған қазақтар емес!

Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Дауров Хусей Шимарович биыл ақпан айында Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккендерге көмек жинау ісі жалғасып жатқанын хабарлады.

«Осы екі күн ішінде ақпандағы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге қол ұшын созып, үлес қосқан баршаңызға рахмет! Маған ерекше әсер еткен – материалдық көмек бергендердің арасында біздің қазақ бауырлар да бар. Олар сол қақтығыс түні әйелдеріміз бен балаларымызды үйлеріне тығып, аман алып қалды. Олар келген бандиттер мен кісі өлтірушілерден біздің жігіттерді қорғады. Олар – біздің көршілеріміз – қазақтар шабуылдаған топты тоқтатпақ болды. Сондай-ақ шекарашылар біздің жүздеген адамдарымызды шекара бекетінде паналатты. Кейбір полицейлер біздің жараланған жігіттерді алып шығып, өмірін құтқарды. Қазақ бауырлар, үлкен рахмет! Мен сонау ақпан айында айтқам, бізді қырған қазақтар емес! Бізге шабуылдаған ұлтқа жатпайтын  бандиттер мен кісі өлтірушілер. Олар ата-аналарын, шыққан тектерін жерге қаратты. Жетім мен жесірдің және қаза болғандардың аналарының қарғысы өмір бойы алдарынан шығады.

Жиналған көмек өте аз. Екі күнде біз қажетті көмектің он бөлігін ғана жинадық. Мен барша туыстарға, серіктестеріме, достарыма, кәсіпкерлер мен саудагерлерге және әр дүнгенге қайырылып отырмын. Баршаңыз ақпандағы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге тиіссіздер! Әркім шамасы келген көмегін беріп, үлесін қосса.

Жиналған және келіп түскен көмек тіркеліп, зардап шеккендерге беріледі. Қаза болған, жараланған, мүгедек болып қалған және ұсталып үкімін күтіп отырған азаматтар олар – сіз бен бізді қорғады. Олар әйелдеріміз бен балаларымызды, тыныштық пен бейбітшілікті қорғады. Олар тұтас Қазақстанды, біздің келісіміміз бен болашағымызды қорғады.
Біз бұл істе тек қана материалдық тұрғыдан көмектесіп қоймай сондай-ақ моральдық писхологиялық көмек те көрсетуіміз керек.
Куәгерлер, зардап шеккендер объективті куәлік беріп, сотта сөйлеп біздің азаматтарды қорғап және де сотқа қылмыскерлер мен кісі өлтірушілерді анықтауға көмектесіп, олардың лайықты жаза алуына күш салу.
Біздің болашағымыз, еліміздің бейбіт болашағы әрбірімізге байланысты. Біз сотқа қайғылы оқиғаның түпкі себептері мен бастауларын табуға көмектесуге тиіспіз. Сол арқылы сот елде бұдан былай этникалық қақтығыс болмайтында кеңес беретіндей«, – деп жазады Хусей Дауров.
Бұған дейін Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Хусей Дауров  биыл ақпан айында болған Қордай қақтығысына байланысты өтетін жатқан сот ісі, жауапқа тартылғандар, зардап шеккендер туралы жария жазба жариялаған. Оның айтуынша, 3 желтоқсанда ақпандағы оқиғаға қатысты Тараз қаласында соттың алдын ала тыңдауы өтеді.
фото: inbusiness.kz
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.