01-05-19 |
580 рет қаралған
Көкшетауда полицейлерді тегін тасиды.
Көкшетауда полицейлерді тегін тасиды

Аймақтағы полиция департаментінің басшысы Берік Биляловтың үкімімен тәртіп сақшыларын енді екі автобус  үйлеріне жеткізіп салатын болады. Бұл жайында Ақмола облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайыландырылған қызмет автобусы таңертең және кешке бекітілген бағыт бойынша облыс орталығында жүреді. Онымен әр ықшамауданда тұратын қызметкерлер тегін жүретін болады.

«Полицейлердің әлеуметтік мәселесін шешу басшы ретіндегі менің басты тапсырмамның бірі. Тегін жолақылы қызметтік автобус қызметкерлерге жайлы жағдай туғызатынына сенімдімін»,-дейді ведомства басшысы Берік Билялов.

Қызметтік автобус 30 сәуір күні алғашқы рейсін жасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.