13-07-20 |
260 рет қаралған
Коронавирус құрбандарына арнап 7 БАҚ бірлесіп жаңа жоба іске қосты.
Коронавирус құрбандарына арнап 7 БАҚ бірлесіп жаңа жоба іске қосты

фото: Данияр Мүсіров/vlast.kz/

Тәуелсіз 7 БАҚ коронавирус құрбандарын есте сақтауға арналған  Umytpa жобасын іске қосты. Сайтта қайтыс болғандардың тізімі берілген. Сондай-ақ коронавирустан қайтыс жақындары қайтыс болғандар сайтқа туысы туралы мәлімет қалдыра алады. Осылайша, жобаны жасаушы тәуелсіз БАҚ-тар елдегі коронавирустан қайтыс болғандар жайлы шынайы мәліметті жариялап отыруды көздейді.

Жобаны жасаушылардың мәлімдемесінде: 

«Денсаулық сақтау органдарының айтуынша, пневмониямен ауырғандардың коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ ауруға шалдыққандарға тестінің жасалмағаны жиі хабарланып жүрді. Жерлеу рәсімін тежемеу үшін қайтыс болғандарға да тест жасауды тоқтаттық. Ендеше COVID-19 инфекциясынан болған шынайы өлім дерегі қандай? Бұл тақырыпта сұрақ көп.

Журналистердің басты мақсаты — елдегі жағдайды сипаттау. Біздің редакциялар Қазақстанның басқа да ондаған ақпарат құралдары сияқты күнде коронавирус туралы жазып жүр. Біз жағдайдың шынайы картинасын көріп, COVID-19 инфекциясынан болған өлім-жітім деректерін нақталауға ұмтылуымыз керек.

Сондықтан коронавирустың/пневмонияның кесірінен жақындарын жоғалтқан адамдарға аурудың құрбаны болғандардың атын жинақтаған ресурсты іске қоспақпыз. Барлық ақпаратты біздің редакциялардың қызметкерлері тексереді. Есімдер қысқа не толыққанды верификациядан кейін ғана жарияланады. Тізімді кез келген адам толықтыра алады.

Коронавирустың құрбаны болғандарды есте сақтауымыз қажет деп есептейміз. Сондықтан жобаның аты — Umytpa. Қазақстандықтар елдегі шынайы жағдайды, статистиканы, көз жұмғандардың есімдерін білуі керек» делінген.

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қатысты жүргізіп отырған статистикасына жұрт наразы. Экс-министр Біртановтың тұсында инфекция анықталғандар бөлек, коронавирус белгілері жоқ жалпы тасымалдаушылар бөлек беріліп келген еді. Жаңа минист Алексей Цой жоғарыдағы екі бөлек есепті біріктіріп беруді бастады және коронавирустан қайтыс болғандар санын аптасына бір рет жариялауға көшті. Мәселен, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше соңғы аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 111 адам болған. Алайда өкпе қабынуынан көз жұмып жатқандар бұл статистикаға енгізілмегені туралы да дау туып отыр. Өкпе қабынуынан көз жұмып жатқандардың нақты саны қанша екені белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.