30-03-20 |
570 рет қаралған
Коронавирус және дәрігерлер: 2 миллион және 10 миллион теңге.
Коронавирус және дәрігерлер: 2 миллион және 10 миллион теңге

30 наурызда өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында премьер-министр Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. 

«Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды» деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ комиссия коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбекақысына үстеме ақы қосу туралы президенттің тапсырмасын орындап, шешім қабылдады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.