15-06-21 |
240 рет қаралған
Қазақстанда білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға арналған жоба пайда болды.
Қазақстанда білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға арналған жоба пайда болды

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және атаулы жұмыс бойынша республикалық жобалық кеңсе жұмыс жасауда. Қазіргі таңда кеңсе қызметкерлері 500 ден астам жастарға жеке және топтық онлайн консультация жүргізіп, әр түрлі сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласқан жастар мәселелерінің шешімін табуға көмектесуде.

Мамыр айында білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға арнап тренер Сабыржан Кеңшілік «Жұмыс сұхбатына қалай дайындалу керек?», белгілі журналист Айгерім Есенәлі «Жұмысқа орналасу және жеке бренд» тақырыбында онлайн семинарлар өткізсе, ал тренер, медиа жобалардың авторы ГауҺартас Бересова жас қазақстандықтарға жобаларды басқару жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, SAMRUK-KAZYNA TRUST» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік қызметінің басшысы Мирас Іргебаевтың спикерлігімен «Коммуникативтік дағдылар» тақырыбына LIFE SKILLS оқыту семинары өткізілді. Қараша айына дейін сертификатталған тренерлер мен сарапшылардың спикерлігімен оқыту семинарлары тағы да өткізілетін болады.

Жыл соңына дейін жұмыссыз және еш жерде білім алмайтын жастарға арналған методикалық нұсқаулық жасалып, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу үшін сандық және сапалық мәліметтер базасы жасақталуда.

Мемлекеттік органдардың NEET санатындағы жастармен жұмысын оңтайландыру үшін шетелдік тәжірибені пайдала отырып, эксперт мамандар методология жасақтайтын болады. Қазіргі таңда сарапшы мамандардың қатысуымен алғашқы жиындар өткізіліп, методологияны жасақтаудың тәсілдері талқыланды.
Жобаны Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпортивтік қоры «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесе отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.