22-06-21 |
440 рет қаралған
ТМД елдерінде орыс тілін қолданушылар азайды.
ТМД елдерінде орыс тілін қолданушылар азайды

Ресейліктер ТМД елдерінде орыс тілінің қолданысы бәсеңдеп келе жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«БАҚ өкілдері шетелде орыс тілінің маңыздылығы төмендеп кеткеніне алаңдауда. Бұған себеп – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Федералды агенттігінің қысымға ұшыраған орыс тілді тұрғындарды қорғау мен тілді бара-бара ұмытып жатқандардың арасында жүргізіліп жатқан жұмыстың дәрменсіздігі», – деп жазады басылым. 

Журналистер мәліметінше, 2020 жылы агенттіктің қолдауымен небәрі 18 бала орыс тілін үйренген. Ал халық арасында орыс тілінің беделі жоғары саналатын Тәжікстанда өткен «Жалпы халықтық диктантқа» жүз ғана адам қатысқан. Осыған орай, басылым орыс тілінің шетелдегі мәртебесін көтеру сенімсіз ұйымға тапсырылған деген пікірде. 

Кейбір ресейлік мекемелер бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізуге болатынын алға тартады. Мысалы, Ресей үкіметі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен бірігіп, 1200 балаға арналған Тәжікстанда 5 орыс мектебін ашқан. Осындай жоба Қырғызстанда да жүзеге асырылмақ. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.