27-02-24 |
3420 рет қаралған
Үкімет Астана агломерациясын дамыту жоспарын қарастыруда.
Үкімет Астана агломерациясын дамыту жоспарын қарастыруда

Қазақстанда елорда мен Ақмола облысының даму жоспарларын сәйкестендіретін бірыңғай қала құрылысы саясаты әзірленетін болады.

Үкімет отырысында Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралып жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, 10 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны 46%-ға артқан.

Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астанада 2,3 млн адам тұрады.

Агломерацияны аумақтық дамыту шеңберінде бірыңғай қала құрылысы саясатын әзірлеу және елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу жоспарлануда.

«Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және 350 төсек-орындық көпбейінді аурухана салынады. Елордада инвесторлардың өз қаражаты есебінен 900 студентке арналған тау-кен техникалық колледжін және балаларды оңалту орталығын салу жоспарлануда», — деді Н.Байбазаров.

Ауылдық жерлерде бірқатар әлеуметтік нысан, соның ішінде 9 мәдениет үйі мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы салынады. Агломерация аясында экоқалашықтар құру көзделіп отыр. 940 гектардан асатын аумақта шағын бизнесті жүргізуге арналған үй-жайлары бар тұрғын үйлер салынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.