02-02-21 |
920 рет қаралған
Желге ұшқан миллиардтар: Қазақстандағы ең ірі логистика орталығы сүріле ме?.
Желге ұшқан миллиардтар: Қазақстандағы ең ірі логистика орталығы сүріле ме?

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі телекөпір арқылы ашқан«Global Ecological Group Almaty» (GEGA) логистика кешенінің басы дауға қалды. Сот арқылы жері Қорғаныс министрлігінің иелігіне өткен орталық сүрілуі тиіс.

Орта Азиядағы ірі логистика кешенінің аппелляциялық шағымын қарауды сот алты айға кейінге шегерген.  Әскери алаңға тиесілі жер министрлікке қайтарылса, 1200  қызметкер далада қалып, құрылысы үшін бюджеттен 4,5 млрд теңге жұмсалған қос ғимараттың көлеңкесі де қалмайды.

Дау – «Global Ecological Group Almaty» кешеннің әуе базасына жақын орналасуынан басталған. Әскерилер нысанның үшып-қонуға кедергі келтіретінін сотпен дәлелдеді. Әбден тығырыққа тірелген орталық басшылығы БАҚ өкілдерінен араша сұрап, жағдайды тағы да қоғам назарына ұсынды. 50 мыңнан аса компаниямен жұмыс істеп отырған қойма пандемия кезінде бюджетке миллиондап кіріс әкелгенін алға тартып отыр. Шырылдаған жұмысшы мен тығырыққа тірелген компания басшылары қандай қадамға барарын білмей дал. Құрылыс жұмысына қолдау көрсеткен Алматы әкімдігі де бұл тұста үнсіз.

Белгілі болғандай, Қорғаныс министрлігі сотта логистикалық алаңның жері әскери аумаққа тиесілі екенін дәлелдеген. Шешім шығару кезінде 80 жыл бұрынғы құжаттың күші басым болды. Нәтижесінде сот министрлік арызын  қанағаттандырып берді. Дау осы жерде басталды. Жауапкер тараптың апелляциялық шағымын қарау мерзімі шегерілді.

«Түсініксіз жағдайда соттан жеңілдік. Жердің 1940 жылы әскери бөлімге тиесілі болғаны Қорғаныс министрлігінің есіне енді түсіп жатыр. Олар осыған дейін қайда болды? Құжаттар рәсімделді, құрылыс жүрді. Бірнеше жылдан кейін қойма толыққанды жұмысқа көшкенде ғана есіне түсіп, сотқа талап қойып отыр. Олар осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жер аумағын белгілемеген. Сонымен қатар, бұл жерде біздің нысан ғана тұрған жоқ. Бірнеше объекті орналасқан. Бірақ сотқа тек біздің компанияға қатысты арыз түсті.  Сот шешіміне қатысты апелляциялық шағым түсірдік. Қалалық сот талап арызды қарауды алты айға шегеріп тұр. Шегеру – сот шешімін өзгертпейді. Сол себепті біздің де жағдай өзгермейді»,- деді Almaty Contract басқарма компаниясының жетекшісі Әсел Сергенова.

Компания жетекшісінің мәліметінше, қорғаныс минстрлігі мен логистикалық кешен арасындағы түсініспестік бүгін басталмаған. Екі тарап арасындағы сот алғаш рет  2015 жылы басталды. Сот шешімдері осыған дейін логистикалық кешенің пайдасына шешіліп келген.

«Бүгінде жағдайдың басқаша сипат алуы бізге түсініксіз.  Рейдерлікке ұқсайды. Бұл маңайда қаншама объекті бар. Неге бізге қатысты іс басталды? Аяққа тұрып, табыс таба бастаған кезде қиын жағдайда қалып отырмыз»,-дейді Әсел Сергенова.

Кешен жабылса, нарықта тауар бағасының қымбаттай түсетініне сенімді. Логистика кешенңнің құрылысына кезінде Алматы әкімдігі 4,5 млрд теңге қаржы жұмсаған. Бұл Қазақстандағы халықаралық нормамен жасалған жалғыз нысан. Онда дәрі-дәрмектен бастап, азық-түлік, тұрмыстық техника, киім-кешек секілді тауардың барлық түрі сақталады. Пандемия кезінде таратылған барлық медициналық тауарларды тасымалдауды жүзеге асырды. Министрліктің талабын орындауды сұраған соттың шешімі жүзеге асса, мыңдаған адам жұмыссыз қалғалы тұр.

«Компания Қазақстанға экономикалық дағдарыс әкелген пандимия кезінде  бюджетке 300 миллион теңгеге жуық кіріс кіргізді. Өткен жылы қызметкерлеріміз демалыссыз жұмыс істеді. Тауарларды жеткізу, түсіру жұмыстары үздіксіз жүрді. Қаланы ғана емес, облысты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырмыз. Қойма барлық мақсаттағы тауарды сақтауға қабілетті. Қалалық әкімдіктің өзі құрылыс жұмыстары үшін 4,5 млрд теңге қаржы бөлді. Енді оңай сүріле сала ма?  Мемлекет ақшасының сұрауы  болма ма? Басып кіру, иемдену болып жатқан секілді. Компанияның құжаттары толық дұрыс. Жер актісі де рәсімделген. Өткен жылдың жаз айларынан бастап тағдырымыз қыл үстінде. Біз сот шешімімен келіспейміз. Өз позициямызда қаламыз. Және оны дәлелдеуге күш саламыз. Қоғамның бізге қолдау білдіретініне сенімдіміз»,- дейді компания өкілі Светлана Кучменко.

Сот үкімін өзгертуді сұраған компания қызметкерлері әлеуметтік жағдайының қиындап кететінің жарыса айтты.

«Бұл жерде көпбалалы аналар, жалғыз асты ана және зейнетке жасына жақындаған адамдар жұмыс жасайды. Бізді ертең кім жұмысқа алады? Бұл жерде айлығымызды уақытында алып отырмыз. Өзім осы жерде 5 жылдан бері еңбек етемін. Әлеуметтік жағдайымызға көмектеседі. Айлығымыз тұрақты болды. Үйреніп қалдық. Қиратылады дегеннен бері алаңдап жүрміз. Қойманы қалдыруды сұраймыз»,-дейді Әсем Диханбаева

Жұмысшылардың дені Алматы қаласынан.

«Мемлекеттің шығынын кім көтереді? Министрлік соған жауап бере ме? Құрылыс нысандарын бұзып тастаудың салдары қандай болады? Осыған дейін бұл мәселе неге көтерілмеді? »,- дейді логистика орталығындағы  басқару компаниясының басшысы Қайролла Әлішев.

Үміт бар. Кәсіпорын Қазақстандағы «А+» санатындағы жалғыз орталық тағдыры мемлекеттік деңгейде шешілуін сұрайды. Себебі министрлік дегенінен қайтпай отыр. Алматы қалалық әкімдігі сот шешімінің алдында шарасыз.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.