12-02-24 |
6200 рет қаралған
Жолдарды күтіп ұстамаған жол қызметінің жұмысшылары жұмыстан шығарылды.
Жолдарды күтіп ұстамаған жол қызметінің жұмысшылары жұмыстан шығарылды

Көлік прокуратурасы органдарының қыс мезгілінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдар қабылдайтын шаралардың толықтығы мәселелері тұрақты бақылауында.

Қадағалау іс-шаралары жол қызметтерінің жұмысы жолдарды метеорологиялық факторлардың әсерінен тиісті қорғауды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтады.

Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, оның қатысушыларына қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді.

Шымкент көлік прокуратурасы осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстау үшін жол техникасының қажетті санының жоқтығын айғақтайды.

Нәтижесінде, өткен жылдың 12-15 желтоқсаны аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатқан (50-ге жуық автокөлік құралдары жолдарда «тұрып қалды»).

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін прокуратуралармен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсынулар енгізілді.

Прокуратураның  қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылды.

Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 бірлік қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.