07-07-20 |
370 рет қаралған
А. Цой: Дәрігер Айнамен сөйлестім.
А. Цой: Дәрігер Айнамен сөйлестім

Фото:tenginews

Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желі арқылы президентке үндеу жолдаған дәрігер Айна Бәкеевамен сөйлескенін астанада өткен брифингте айтты.

«Дәрігер Айнаның хабарламасы бойынша бірнеше сұрау болды. Ол ауыр емдеу түріне қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Дәрігер Айнамен сөйлесуге мүмкіндік алдым. Біз қырық минуттай сөйлестік. Дәрігердің негізгі айтпақ ойын түсіндім.  Ол әлеуметтік желілерде тіпті медицина қызметкерлерінің өздері де түрлі емдеу тәсілін ұсынады немесе біздің пациенттер әлеуметтік желіден көріп,  өздігінен припарат қалбылдайды, сосын олар денсаулығының нашарлауына алып келеді деп алаңдап отыр.  Оған мыңдаған адам осы сұраққа жауап табу үшін хабарласады. Біз қазір министрлік мамандармен нақты рекомендация жасап шығарғаны туралы сөйлестік. Бұл емдеу протоколдарын ол өзі де әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тарататын болды», -деді министр.

Еске сала кетейік Шымкенттік дәрігер Айна Бәкеева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған. Ол халық дұрыс ем қабылдамағаннан қайтыс болып жатқанын айтып, емдеу пртоколын өзгертуді сұраған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.