21-07-20 |
670 рет қаралған
Алдыңғы шепте жүрген қызметкерлерге 7,2 миллиард теңгеге қорғаныс құралдары алынады.
Алдыңғы шепте жүрген қызметкерлерге 7,2 миллиард теңгеге қорғаныс құралдары алынады

Фото: Әйгерім Бегімбет/arasha.kz

Алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер үшін қорғаныс құралдарын сатып алуға 7,2 миллиард теңге үкімет резервінен бөлінді деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбіде өткен  үкімет отырысында.

«Тамыз айын қосып есетпегенде алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер үшін қорғаныс құралдарының қоры құрылды. Үкімет қорынан осы мақсатқа 7,2 миллиард теңге бөлінді. Оның аясында 41 миллион маска, 27 миллион медициналық қолғап, 379 мың қорғаныс киімдері және 1,2 миллион ПТР-тест сатып алынып жатыр», – деді ол Үкімет отырысында.

Осындай қорғаныс құралдарының қорын құру енді 2021 жылдың қыркүйек-ақпан айларығында жүргізіледі.

Министрдің сөзінше қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында және правизорлық стационарларда 1 958 жасанды тыныс алдыру аппараты бар. Алдағы уақытта әкімдіктермен бірге қосымша 4 183 аппарат сатып алынады. Оның 3 105-і отандық тауар өндірушіден алынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.