30-04-21 |
670 рет қаралған
Бас дәрігер шетелге жиі шығатын қазақстандықтарға жауапкершілікті ескертті.
Бас дәрігер шетелге жиі шығатын қазақстандықтарға жауапкершілікті ескертті

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға үндеу жазды.

«Құрметті отандастар, мен жақын арада COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы өте қолайсыз елдерде демалуға немесе басқа жұмыспен баратын адамдарға жүгінгім келеді. Сізден коронавирустық инфекция кең таралатын елдерге барудан аулақ болуыңызды өтінемін.

Үндістан, Түркия, Еуропаның кейбір елдері, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азияда індет өршіп тұр.

Коронавирустық инфекцияның тез таралуы қоғамға және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне өте қауіпті. Демалысты кейінге қалдырыңыз, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, жақындарыңыз үшін мде маңызды», – деп жазды Қиясов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.